Бояулар құпиясы республикалық жас суретшілер байқауы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №514 бұйрығы негізінде ұйымдастырылған республикалық байқау

ҚР Оқу ағарту министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығының 3 параграфына сүйене отырып

«Atamura Education» ғылыми-әдістемелік орталығы, «Qanatty Qalam» балалар танымдық журналы "Бояулар құпиясы" жас суретшілер байқауын Республикалық деңгейде ұйымдастырады.

Құрметті педагог!

«Atamura Education» ғылыми-әдістемелік орталығы, «Qanatty Qalam» балалар танымдық журналы 2024-2025 оқу жылындағы "Бояулар құпиясы" жас суретшілер байқауына балабақша, мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғарғы оқу орны ұйымдарының білім алушыларын оқу жылының мерзімінде өткізетін конкурсқа қатысуға шақырады.

Байқау мақсаты

«Atamura Education» ғылыми-әдістемелік орталығы

шығармашылық бағытта көптеген байқаулар ұйымдастыруы арқылы республиканың балабақша, мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру,

жоғарғы оқу орны ұйымдарының педагогтары мен оқушыларына өздерінің кәсіби және шығармашылық потенциалдарын танытып, қабілет-қарымын одан ары ұштай түсуге ықпал етіп келеді.

Ел дамуының басты қозғаушы күші болуы үшін еліміздің жас буын өкілдерінің және олардың интеллектуалды және тәрбиелік тұрғыда дамуы жолында жетекшілік көрсетіп, бағыт-бағдар болып жүрген ұстаздар қауымының дамуына үлес қосу «Atamura Education» ғылыми-әдістемелік орталығының басты мақсаты.

Байқау шарттары

Байқауға қатысу конкурсанттың жарнапұл түбіртегін, өз жұмысын және қатысушы жайында мәліметтерді сайттағы форма арқылы толтырып жіберуі арқылы жүзеге асады.

Байқауға қатысу үшін конкурсант өзінің салған суретін сканерлеп немесе анық қылып фотоға түсіріп жолдайды.

Жұмыстың оң жақ төменгі бұрышында автордың анық оқылатын қолы болуы тиіс: аты, тегі, жасы. Файл параметрлері: jpg форматы. Қатысушылар суретті жасау процесін көрсететін фотосуреттерді ұсынады.

Конкурстық жұмыстар еркін тақырыпта, кез келген техникада (кескіндеме, акварель, гуашь, аралас техника), кез келген жанрда (натюрморт, портрет, пейзаж т.б) орындалуы мүмкін.

Бағалау критерийлері:

Байқау жұмыстарын кәсіби қазылар алқасы бағалайды.

Байқау уақыты және жарнасы

Уақыт

Қабылдау: 14.11.2024 Астана уақытымен сағат 19:00 ге дейін

Нәтиже: 25.10.2024

Нәтиже

Байқау нәтижесі, марапат қағаздың электронды нұсқасы www.atamura.info сайтында жарияланады.

Қатысу жарнасы

Байқауға қатысу жарна құны: 800 теңге

Байқауға қатысу ерікті түрде жүреді.

Марапаттау

Барлық конкурсанттар қатысушы сертификатымен, жеңімпаздар дипломмен марапатталады.

Сонымен қатар барлық оқушылардың жетекшілері мен ата – аналарына алғыс хаттар табысталады.

Марапат қағазбен қоса «Qanatty Qalam» балалар танымдық журналының электронды жинағы сыйға беріледі. Электронды жинаққа конкурс нәтижесі бойынша Бас жүлде алған қатысушылар жұмысы салынады.

Конкурс жеңімпаздары Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Байқауға 10 қатысушы жұмысын жолдаған жетекші арнайы Құрмет Грамотасымен марапатталады және ұстаздарға арналған «Атамұра» ғылыми-әдістемелік журналынына өз жұмысын ТЕГІН жариялайды. Журнал электронды нұсқада беріледі.

Байқау бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса "Байланыс" батырмасын басып, сұрақтарыңызды жолдасаңыз болады.

Бояулар құпиясы республикалық жас суретшілер байқауы | Qanatty Qalam балалар танымдық журналы

© Atamura.info - Атамұра ғылыми-әдістемелік орталығы | 2024-2025 оқу жылы